13
апрель
2026
“Жеңгелерден жеті кеңес” тақырыбымен танымдық сағат өткізілді.
“Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы”КММ “Қызғалдақ” қыздар ұйымында ұлттық дәстүр мен заманауи тәрбиені ұштастыру бағытында “Жеңгелерден жеті кеңес” тақырыбымен танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: жасөспірім қыз балалардың тәрбиесіндегі жеңгелердің орнын айқындау. Пікірлесу барысында жеңге мен қайын сіңілінің қарым-қатынасындағы ұтымды тұстарды көрсете отырып,қатысушы жеңгелер жасөспірім қыздардың сөйлеу,киіну әдептері туралы пікірлерін білдіріп,өз кеңестерін берді. Танымдық сағаттың соңында кері байланыс жасалып, көрермен қыздар мен ұстаздар тарапынан қорытынды ойлар айтылды. Ұйымдастырушылар “Қызғалдақ” қыздар ұйымының жетекшісі Бокашова Р.М,
10-сынып жетекшісі Қазанқапова С.Ү.



10-сынып жетекшісі Қазанқапова С.Ү.


