«Қазақтың батыр қыздары» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақтың батыр қыздары» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.
05
март
2026

«Қазақтың батыр қыздары» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.

"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы" КММ-де 8-сынып оқушыларымен «Қазақтың батыр қыздары» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.
Аталған танымдық сағат барысында Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Сабира Мұхамеджанова және өзге де қазақтың қаһарман қыздарының ерлігі жайлы айтылды. Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының батыр қыздарының ерлігі мен батылдығын таныстыру, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін үлгі ету арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, елге деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру. Сонымен қатар, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Сабира Мұхамеджанова сияқты қаһарман қазақ қыздарының өмір жолы мен ерлігін таныта отырып, оқушыларды батылдыққа, қайсарлыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырушы - 8-сынып жетекшісі Құрманова Айнұр Байқаметқызы.