10
апрель
2026
Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Абай облысы, Мақаншы ауданы "Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы" КММ-де Алаш қайраткері, көрнекті абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – оқушыларға ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбие беру.
10-сынып оқушылары арасында «Қайым мұрасы – ұлт қазынасы» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізіп, ғалым мұрасының маңыздылығын ашып көрсетуге тырысты. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және тарихи-танымдық көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етті.