«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»
Абай облысы, Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» КММ-сінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» әлеуметтік жобасы негізінде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты акция ұйымдастырылды. Аталған шара әлеуметтік педагог М.С.Киекенованың жетекшілігімен өтті. Акция барысында 9–10 сынып оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, қыз балалар тал түптерін әктеп, мектеп аумағын көркейтуге белсенді