13
апрель
2026
Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығы
Абай облысы, Мақаншы ауданы "Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы" КММ-де Алаш қайраткері, көрнекті абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – оқушыларға ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбие беру.
8-сынып оқушылары арасында «Ғажайып ғалым – Қайым Мұхамедханов» тақырыбында танымдық сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар ғалымның ғылыми еңбектерімен, Абайтану ғылымына қосқан үлесімен танысты. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, белсенді пікір алмасу жүргізілді.