08
май
2026
«Патриоттық іс-шаралар» айлығы жоспарына сәйкес мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Кикбаева Құралай Жүнісханқызы мен АӘД пәні мұғалімі Смагулов Серік Қапанұлының ұйымдастыруымен аймақтық «Жас сарбаздар» әндер мен билер фестивалі өтті.
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы» КММ де «Адал азамат » біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде,«Шабыт» жобасы аясында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай , 9-сәуір мен 9-мамыр «Патриоттық іс-шаралар» айлығы жоспарына сәйкес мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Кикбаева Құралай Жүнісханқызы мен АӘД пәні мұғалімі Смагулов Серік Қапанұлының ұйымдастыруымен аймақтық «Жас сарбаздар» әндер мен билер фестивалі өтті. Жарбұлақ орта мектебі, Б. Майлин атындағы орта мектеп, М. Ғабдуллин атындағы негізгі мектебінен оқушылар келіп өз өнерлерін ортаға салып, мектебіміздің оқушыларымен сайыса отырып мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке құтты болсын!




