25
май
2026
25 мамыр — жүректерге жылулық сыйлаған ерекше мереке✨
2025-2026 оқу жылын қорытындылау мақсатында өткізілген салтанатты іс-шараға арнайы қатысып, түлектерге ізгі тілектерін арнаған Мақаншы ауданының әкімі Даурен Бақытжанұлына және білім бөлімінің басшысы Гүлзипа Мақашқызына, “Мақаншы айнасы”баспасының бас редакторы Абен Тұйғынұлына, ауыл әкімі Айдын Айтанұлы мен ауыл тұрғындарына және барша ардагер зейнеткерлерге мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Сонымен қатар, 20, 30, 40 жылдық мектеп түлектері туған мектептеріне қолдау көрсетіп, демеушілік көмектерін жасады.
30 жылдық түлектер мен кәсіпкер Рамбаев Баркөл мектепке заманауи LED экран орнатса,
20 жылдық түлектер күйлі қоңырау сыйға тартты,
ал 40 жылдық түлектер мектеп игілігі үшін шатыр орнатып берді.
Мектепке деген жанашырлықтары мен қолдаулары үшін барша түлектерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз! Ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін!
Барша түлектерге ақ жол, жарқын болашақ тілейміз! 🎓