"Тимуршылар" командасы
Мектебімізде оқушылардан құралған "Тимуршылар" тобы биыл "Қарттар күніне" арналған ауылымыздағы Еңбек ардагерлері мен мұқтаж жандарға арналған көмегін бастады. Биыл "Еңбек ардагері, "Тыл ардагері" Нұрахметов Рамазан атаның үйіне барып қайтты. Тимуршылар тобының жетекшісі мектеп тәлімгері Серікқажы Талапкер бастаған оқушылар Рамазан атаның халын сұрап, ауласындағы шөбін жинап, мерекеге арнап сыйлықтарын табыс етті. Артынан ата балаларға ақ батасын беріп, алғысын айтты.