"Елім деп соғар жүрегім" тренингі өткізілді
Мектеп психологы Самал Ахметжанқызы жоғары сынып оқушыларымен "Елім деп соғар жүрегім" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: отан, ел ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.