Қамқоршылық кеңес хаттамасы
Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесі отырысының
№ 3 хаттамасы
Қатысқандар:13
Күні: 20. 11. 2025 жыл
Мектеп директоры: Г. К. Кошубаева
ДТІЖО Г. С. Онгарбаева, Әлеуметтік педагог М.С.Киекенова
Қамқоршылық кеңесі құрамы:
1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: А. Елеусова
2. Қоңырова Р.
3. Рахимова Қ.
4. Шолақбаева Р.
5. Нурмадиева А.
6. Бегетаева М.
7. ҚанафинаН.
8. АхатаеваА.
9. Қайырбеков Е.
Хатшы: Киекенова М.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына байланысты Президенттің жаңа жылдық шыршасына баратын оқушыны анықтау және ұйымдастыру.
2. Анықталған оқушының шыршаға баруын қамтамассыз ету.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша алғашқы сөзді мектеп директоры Г. К. Кошубаева алып, биылғы оқу жылында Президенттік жаңа жылдық шыршаға біздің мектебімізге 1 балаға квота бөлінгендігі туралы жеткізді. Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатысуға үміткер 9-13 жас аралығындағы жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатарындағы орта мектептердегі үздік білім алушы балалар қатысуы керек. Жоғарыда аталған санаттар бойынша 1оқушыны анықтап Президенттік жаңа жылдық шырша мерекесіне жіберуді ұйымдастыру керектігін айтып өтті.
Өз кезегінде сөз алған, әлеуметтік педагог М. Киекенова Мақаншы ауданының білім бөліміне балалар туралы мәліметпен қоса қосымша мынадай құжаттарды: өтініш, баланың туу туралы куәлігі, заңды өкілдерінің жеке куәлік көшірмелерін сондай-ақ Халық банкінен жеке шот нөмірлерін тапсыру керектігі жөнінде айтып өтті. Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатысуға үміткерді анықтау үшін 4-сынып оқушысы Төлеухан Нұрисламның заңды өкілі өткізген құжаттарын қамқоршылық кеңесі мүшелеріне ұсынды.
- 4-сынып оқушысы Төлеухан Нұрислам– көпбалалы отбасынан шыққан оқушы, оқу үздігі. Білім саласында түрлі марапаттары бар.
Өз кезегінде сөз алған комиссия төрайымы А. Елеусова ұсынылған құжаттарды қарай келе, көпбалалы үздік оқитын, түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлде алып мектебіміздің мәртебесін көтеріп жүрген 4- сынып оқушысы Төлеухан Нұрисламды Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатыстыруға қамқоршылық кеңесі мүшелері ұсынатындығын айтып өтті.
Келесі сөзді кеңес мүшесі Бегетаева М. алып, аталған оқушының көпбалалы отбасынан екендігін, оқуда озат, түрлі дәрежеде марапаттары бар екенін, ескеріп осы оқушының үміткерлігін қолдайтынын жеткізді.
Қамқоршылық кеңесінің өзге де мүшелері оқуда озат 4-сынып оқушысы Төлеухан Нұрисламды ұсынылған құжаттарын қарай келе және отбасының әлеуметтік жағдайы туралы берген мәліметтеріне сүйене отырып, ұсынылған құжаттарды зерделей келе, Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатысатын балаларға арналған нұсқаулыққа сәйкес көрсетілген талаптарды орындай отырып, 4-сынып оқушысы Төлеухан Нұрисламды бір ауыздан Президенттік шыршаға қатысуға лайық деп танып, ұсынды.
Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Г. С. Онгарбаева осы анықталған оқушының құжаттарын Мақаншы аудандық білім бөліміне өкізуді әлеуметтік педагог М. Киекеноваға тапсырды.
Шешім:
- Президенттік жаңа жылдық шыршаға оқу үздігі, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп отырған 4-сынып оқушысы Төлеухан Нұрислам жіберілсін.
- Мақаншы аудандық білім бөліміне Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатысатын оқушы туралы мәліметтерді дер кезінде тапсыру, және қажетті құжаттармен рәсімдерді жүргізу әлеуметтік педагог М.Киекеноваға тапсырылсын.
Қол қоюшылар:
Мектеп директоры: Г. К. Кошубаева
ДТІЖО: Г. С. Онгарбаева
Әлеуметтік педагог: М. С.Киекенова
1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: А. Елеусова
2. Қоңырова Р.
3. Рахимова Қ.
4. Шолақбаева Р.
5. Нурмадиева А.
6. Бегетаева М.
7. Қанафина Н.
8. Ахатаева А.
9. Қайырбеков Е.
Хатшы: Киекенова М.