Қамқоршылық кеңестің 3 хаттамасы » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2025

Қамқоршылық кеңестің 3 хаттамасы

«Қарабұлақ орта мектеп – бақшасы»  КММ

Қамқоршылық кеңесі  отырысының  

№ хаттамасы


Қатысқандар:13

Күні: 23. 11. 2024 жыл

Мектеп директоры: Г. К. Кошубаева

ДТІЖО Г. С. Онгарбаева, Әлеуметтік педагог М. З. Токсамбаева

Қамқоршылық кеңесі  құрамы: 

1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: А. Елеусова

2. Қоңырова Р.

3. Рахимова Қ.

4. Шолақбаева Р.

5. Нурмадиева А.

6. Бегетаева М.

7. ҚанафинаН.

8. АхатаеваА.

9. Қайырбеков Е.

Хатшы: Киекенова М.


Күн тәртібінде:

1. Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына байланысты Президенттің жаңа жылдық шыршасына баратын оқушыны анықтау және ұйымдастыру. 

2. Анықталған оқушының шыршаға баруын қамтамассыз ету.



 Тыңдалды:

      Бірінші мәселе бойынша алғашқы сөзді  мектеп директоры Г. К. Кошубаева  алып, биылғы оқу жылында Президенттік жаңа жылдық шыршаға біздің мектебімізге 1 балаға квота бөлінгендігі туралы жеткізді.  Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатысуға үміткер 9-13 жас аралығындағы жетім балалар,   ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар,   аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатарындағы орта мектептердегі үздік білім алушы балалар қатысуы керек. Жоғарыда аталған санаттар бойынша 1оқушыны  анықтап Президенттік жаңа жылдық шырша мерекесіне жіберуді ұйымдастыру  керектігін айтып өтті.

Өз кезегінде сөз алған, әлеуметтік педагог М. Токсамбаева Мақаншы ауданының білім бөліміне  балалар туралы мәліметпен қоса қосымша мынадай құжаттарды: баланың туу туралы куәлігі, заңды өкілдерінің жеке куәлік көшірмелерін сондай-ақ Халық банкінен жеке шот нөмірлерін тапсыру керектігі жөнінде айтып өтті. Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатысуға үміткерді анықтау үшін 5 сынып оқушысы Ашетай Санжардың заңды өкілі өткізген құжаттарын қамқоршылық кеңесі мүшелеріне ұсынды. 

  1. 5сынып оқушысы Ашетай Санжар – аз қамтылған, күн көріс деңгейі төмен отбасыдан шыққан, жартылай жетім, нағашы атасы мен апасының қамқорлығындағы оқушы, оқу үздігі. Білім саласында түрлі марапаттары бар.

          Өз кезегінде сөз алған комиссия төрайымы А. Елеусова ұсынылған құжаттарды қарай келе, әлеуметтік жағдайы төмен және үздік оқитын, түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлде алып мектебіміздің мәртебесін көтеріп жүрген 5 - сынып оқушысы Ашетай Санжарды Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатыстыруға қамқоршылық кеңесі мүшелері ұсынатындығын айтып өтті.

Келесі сөзді кеңес мүшесі Бегетаева М. алып,   аталған оқушының әлеуметтік жағдайлары төмен екендігін, оқуда озат және жартылай жетімдігін, түрлі дәрежеде марапаттары бар екенін,  ескеріп осы оқушының үміткерлігін қолдайтынын жеткізді.

          Қамқоршылық кеңесінің өзге де мүшелері жартылай жетім,  нағашы ата-апасының қамқорлығында қалған,  аз қамтылған, сондай-ақ оқуда озат 5 сынып оқушысы Ашетай Санжардың ұсынылған құжаттарын  қарай келе және  отбасының әлеуметтік жағдайы туралы берген мәліметтеріне сүйене отырып, ұсынылған құжаттарды зерделей келе, Перзиденттік жаңа жылдық шыршаға қатысатын балаларға арналған нұсқаулыққа сәйкес көрсетілген талаптарды орындай отырып, 5 сынып оқушысы Ашетай Санжарды бір ауыздан Президенттік шыршаға қатысуға лайық деп танып,   ұсынды. 

          Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Г. С. Онгарбаева осы анықталған оқушының құжаттарын Мақаншы аудандық білім бөліміне өкізуді әлеуметтік педагог  М. Токсамбаеваға  тапсырды. 


Шешім:

  1.  Президенттік жаңа жылдық шыршаға оқу үздігі, аз қамтылған, жартылай жетім, ата-апасының қамқорлығындағы 5 сынып оқушысы Ашетай Санжар жіберілсін.
  2.  Мақаншы аудандық білім бөліміне Президенттік жаңа жылдық шыршаға қатысатын оқушы туралы мәліметтерді дер кезінде тапсыру, және қажетті құжаттармен рәсімдерді жүргізу әлеуметтік педагог М.Токсамбаеваға  тапсырылсын.





Қол қоюшылар: 

Мектеп директоры:                               Г. К. Кошубаева

ДТІЖО:                                                  Г. С. Онгарбаева

Әлеуметтік педагог:                             М. Токсамбаева


1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: А. Елеусова

2. Қоңырова Р.

3. Рахимова Қ.

4. Шолақбаева Р.

5. Нурмадиева А.

6. Бегетаева М.

7. Қанафина Н.

8. Ахатаева А.

9. Қайырбеков Е.

Хатшы: Киекенова М.