Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
Мен, Онгарбаева Гульбагдат Сапарбековна, 21 маусым 1967 жылы Семей облысы Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келдім. 1975 жылы Алтыншоқы ауылындағы мектептің 1 сыныбына қабылданып, 1985 жылы Мақаншы ауылындағы М.Калинин атындағы мектептен түлеп ұштым.
1985 жылы Украина елінің Нежин деген қаласында Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне түстім. Отбасымның жағдайына байланысты 1986 жылдың жазында Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтына ауыстым. 1990 жылы аталған оқу орынын «ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен орыс әдебиеті» біліктілігі бойынша аяқтадым. 1988 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарабұлақ орта мектебіне орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі қызметіне қабылдандым. Қазіргі таңда 37 жыл еңбек өтілім бар. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым.
