01
сентябрь
2022
Оқу ісі жөніндегі орынбасар
Мен Наурызбаева Жазира Мухаметкалиевна 19 қаңтар 1971 жылы Семей облысы Мақаншы ауданы Жарбұлақ ауылында дүниеге келдім. Отбасында 8 бала тәрбиелеген анам Наурызбаева Қауаш Қанағатқызы, әкем Наурызбаев Мұхаметқали Мұқашұлы. 1978жылы І. Жансүгіров атындағы мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1988 жылы 10 сыныбын аяқтадым. 1988 жылы күзінде Қазақ қыздар педагогтік институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1993 маусым айында аталған оқу орнын "математика, информатика және есептеу техникасы пәндерінің мұғалімі" біліктілігі бойынша аяқтадым. 1993 жылдың тамызында Қарабұлақ орта мектебіне математика-информатика мұғалімдік қызметіне қабылдандым. Қазіргі таңда 29 жыл еңбек өтілім бар. 2017 жылдың күзінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым.