20
ноябрь
2025
“Білімді ұрпақ-Отбасының басты құндылығы”
Мақаншы ауданы“Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы”КММ “Тілашар” әдістемелік пән бірлестігінің “Білімді ұрпақ-Отбасының басты құндылығы” тақырыбында 17-21 қараша аралығында апталығы өтуіне орай бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: білім беру үдерісінде отбасының рөлін күшейту, мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың отбасылық тәрбиенің мәнін түсінуіне ықпал ету. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды дәріптей отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыру.