19
сентябрь
2025
«Тіл достықтың кепілі»
Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы» КММ сі. Мектебімізде Қазақстан халқы Тілдер мерекесі күніне орай «Тіл достықтың кепілі» тақырыбында Тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Тіл мерекесінің мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Іс-шараны қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі , музыка пәндерінің мұғалімдері ұйымдастырды. Кеш барысында оқушылар үш тілде ән айтып, көркем сөз оқып, шеберліктерін көрсетті. Оқушылар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді және өзге ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениеттеріне деген сүйіспеншіліктерін музыкалық қойылым арқылы жеткізді. Көп ұлтты еліміздің татулығы насихатталды. Алдағы күндері жоспарланған іс-шаралар жалғасады.