Тілдер мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
сентябрь
2022

Тілдер мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді

 Тілдер мерекесіне орай  қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Ешимованың ұйымдастыруымен  Ұлт ұстазы,  тіл жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың  150 жылдығына орай 6 "А", 6 "Ә" сыныптар арасында  «Ел- бүгіншіл, менікі ертең үшін» сайысы  өтті. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірінен деректерді баяндап, шығармашылығын жатқа айтты. Ақын мысалдарының  желісі бойынша  актерлік шеберліктерін шыңдап, көріністер көрсетті. Оқушылар  сұрақ- жауап кезеңінде  Ахмет Байтұрсыновқа қатысты  ақпараттарды, тың деректерді білуімен  көзге түсті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Құрманова мен Р.Биболова  сайысқа қазылық етіп, оқушылардың талаптарына, ынталарына сәттілік тіледі. Нәтижесінде  сайысқа қатысушы екі сынып та бірдей нәтиже көрсетіп,  жүлделі орынды тең бөлісті.