18
октябрь
2022
"Мамандық таңдау -маңызды іс"
Мектебімізде “Проблемаға негізделген оқыту әдісі жаратылыстану- математика сабақтарында” бағытында жүріп жатқан жоба негізінде 11- сынып оқушылары мен ата-аналарына "Мамандық таңдау -маңызды іс" тақырыбында іс-шара өтті. Мектеп директоры Гүлжанат Кәмілжанқызы мен мектеп модераторы Майя Мейрамбекқызы жобамен таныстырып, бағыт берді. Мектеп психологы Самал Ахметжанқызы тренингтік жаттығулар өткізіп, сауалнама алып, кеңес берді. Мектеп әдіскері Айнұр Есбайқызы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге сәйкес мамандықтармен таныстырып өтті. Ата-аналармен оқушылар өз пікірлерін білдіріп, көптеген мәлімет алды.








