29
сентябрь
2022
5- сынып оқушыларының орта буынды оқу жүйесіне бейімделуі
Мектеп психологы Самал Ахметжанқызы 5-сынып жетекшісі Айнур Байқаметқызымен бірге "Сіздің балаңыз бесінші сынып оқушысы" тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізді. 5- сынып оқушыларының орта буынды оқу жүйесіне бейімделу кезіндегіндегі қиындықтардың алдын -алу мақсатындағы жиналыс барысында ата-аналарға оқушылардың орта буынды оқу жағдайына тиімді бейімделуі, бейімделу кезеңіндегі қиындықтардың себебі және оны шешудің жолдары айтылды. Ата- аналардан "Қалай ойлайсыз, балаңыздың мектептегі жағдайы жақсы ма?" сауалнамасы жүргізілді.

