23
ноябрь
2021
Жалпыадамзаттық Құндылықтар күні
Ағымдағы жылдың 22,23 қараша күндері "Жалпыадамзаттық Құндылықтар күнінің" атап өтілуіне орай "Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі" тақырыбында сынып жетекшілері сынып сағаттарын, мектеп кітапханашысы рухани -адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптар таныстырылымын, "Сүйіспеншілік әрбір жүректе!" тақырыбында сыныптан тыс сабақтарды өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, "Жүрек қуанышы", "Балалықтың бал шағы!" тақырыптарында мектеп психологы тренингтер өткізді. Жалпы іс-шараның мақсаты: оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың рухани-адамгершілік әлеуетін арттыру, құндылық бағыттарын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту.








