Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылының "Білім күні" іс-шарасын дәстүрлі форматта өткізуді ұсынды. Осыған орай, "Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы" КММ-де 1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау салтанатты жиыны санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Бірінші сынып шәкірттеріне "Әліппе" оқулығы табысталды. 2-11- сыныптарда білім күніне арналған ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды орындай отырып өткізілді.