03
февраль
2026
«Қара пима» қойылымы
28 қаңтар күні “Қарабұлақ орта мектеп - бақшасы” КММ- де 9 сынып оқушылары Ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Қара пима» поэмасы желісі бойынша сахналанған қойылым көрсетті. Тақырыпты жан - жақты зерттей келе, «Қара пима» - қазіргі қоғамдағы әлеуметтік және моральдык маселелерді терең қозғайтын драмалық қойылымды көпшілікке ұсынды.Анасы қайтыс болғаннан кейін ішімдікке салынған әкесінің қамқорлығынсыз қалган баланың ауыр тағдыры арқылы бұл туындыда отбасы кұндылыктары, ата-ана жауапкершілігі, ішімдік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зардаптары,адамгершілік пен мейірім тақырыптары керініс табады.








