05
декабрь
2025
«Мейірімді жүрек» атты ауқымды қайырымдылық акциясы
Абай облысы, Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» КММ-де 5-желтоқсан Халықаралық еріктілер күніне орай «Мейірімді жүрек» атты ауқымды қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Акция аясында 6-сынып жетекшісі А.С. Шеринаның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық себеті» бағыты бойынша сынып оқушылары балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына кеңсе тауарлары мен тәттілер сыйлап, үлкен қамқорлық көрсетті.
Ізгі іске үлес қосқан оқушылардың жанарынан мейірімнің жылуын, ризашылықтың шуағын байқауға болды. Акция соңында барлық қатысушылар алғысқа бөленіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.