«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2026

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»

Абай облысы, Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» КММ-сінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» әлеуметтік жобасы негізінде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты акция ұйымдастырылды. Аталған шара әлеуметтік педагог М.С.Киекенованың жетекшілігімен өтті.
Акция барысында 9–10 сынып оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, қыз балалар тал түптерін әктеп, мектеп аумағын көркейтуге белсенді атсалысты. Оқушылар ұйымшылдық танытып, еңбекке деген жауапкершіліктерін көрсете білді.