Материалы за 25.12.2025 » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қамқорлық» акциясы
25
декабрь
2025
«Қамқорлық» акциясы
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы » КММ сі.«Адал азамат » біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ,«Еңбегі адал,жас өрен » жобасы аясында «Қамқорлық» акциясы іс шаралар жоспарына сәйкес, 9«а» сынып жетекшісі: С. Қ. Ешимова мен оқушылары жаңа жыл қарсаңында жалғызбасты зейнеткер Әушар апаның үйіне барып, қолғабыс тигізіп қуантты. Оқушыларға әжелері ризашылығын білдірді.            
Бала тәрбиесі отбасынан басталады.Жиналыс
25
декабрь
2025
Бала тәрбиесі отбасынан басталады.Жиналыс
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы » КММ де 23-желтоқсан күні жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Тақырыбы: Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Күн тәртібі: 1.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі. 2.Зорлық-зомбылықтың алдын алу: отбасы, мектеп және қоғам арасындағы байланысты нығайту. 3.Il-тоқсанның оқу-тәрбие қорытындысы. Жиналыста ТІМ Г. С. Оңғарбаева баяндама оқыды. Мектеп пихологы М. З. Тоқсамбаева 2ші мәселе жөнінен сөйледі.
Жаңа жыл !.....
25
декабрь
2025
Жаңа жыл !.....
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы » КММ де, 24-желтоқсан күні мектепішілік жоспарға сәйкес балабақша, шағын орталық, бастауыш сыныптар үшін мерекелік шырша ертеңгіліктері басталды. Мектеп директоры: Г. К. Кошубаева құттықтау сөз сөйлеп, жаңа жылға жақсылықтар тіледі және концерттік бағдарламалар келген қонақтар мен оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.