Материалы за Сентябрь 2025 года » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу Актісі
25
сентябрь
2025
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу Актісі
Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы КММ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу барысында ас ішуді ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай екені анықталды. Оқушыларға ыстық тамақ уақытылы беріліп, ас мәзірі бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылған. Ас блогы үй-жайларының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Асхана бөлмелері таза, жарық әрі желдетіліп тұрады. Өнімдерді сақтау шарттары сақталған, азық-түліктер арнайы сөрелерде және тоңазытқыштарда тиісті температуралық режимде орналастырылған.
Әнұран
22
сентябрь
2025
Әнұран
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы» КММ де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әр аптаның дүйсенбі күні мектеп ұстаздары мен оқушылары Қазақстан Республикасының Әнұранын жанды дауыста орындайды.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан » тақырыбындағы кезекті жолдауын талқылау
19
сентябрь
2025
Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Жасанды
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы » КММ нің ұжымы Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан » тақырыбындағы кезекті жолдауын талқылау үшін жиын өткізді. Мектеп директоры Г. К. Кошубаева президент жолдауындағы , Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жолында өлшеусіз үлес қосу керектігіне тоқталды. Тарих пәнінің мұғалімі Р. М. Бокашова баяндама оқып, Жасанды интеллект заман талабы екендігі айтылды.
"Махамбет оқулары"
19
сентябрь
2025
"Махамбет оқулары"
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы » КММ сі. Жалпы білім беретін мектептердің 8- 11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары » байқауының «Шашақты найза, шалқар күй »- Махамбет күйлерін орындаушылар бағыты бойынша аудандық кезеңге қатысып, 10сынып оқушысы Шәріпхан Жалғас l дәрежелі дипломмен марапатталды. Облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Кикбаева Құралай Жүнісханқызы. Құттықтаймыз! «Махамбет оқулары » байқауының «Хандар мен ел билеушілер »,«Батырлар »
«Туған тілім- Тұғырым» тақырыбында тәрбие сағаты
19
сентябрь
2025
«Туған тілім- Тұғырым» тақырыбында тәрбие сағаты
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы» КММ де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде мектепалды даярлық 0«ә» сынып жетекшісі М. Ф. Байжуманова Тілдер мерекесіне орай «Туған тілім- Тұғырым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілеттерін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
«Тіл достықтың кепілі»
19
сентябрь
2025
«Тіл достықтың кепілі»
Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы» КММ сі. Мектебімізде Қазақстан халқы Тілдер мерекесі күніне орай «Тіл достықтың кепілі» тақырыбында Тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Тіл мерекесінің мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Іс-шараны қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі , музыка пәндерінің мұғалімдері ұйымдастырды. Кеш барысында
«Таза мектеп-таза аймақ» акциясы
19
сентябрь
2025
«Таза мектеп-таза аймақ» акциясы
Абай облысы Мақаншы ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы » КММ де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бойынша «Таза мектеп-таза аймақ» акциясы аясында әр бейсенбі күні мектеп оқушылары, ұстаздары тазалық жұмыстарын жүргізеді.