Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу Актісі
Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы КММ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу барысында ас ішуді ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай екені анықталды. Оқушыларға ыстық тамақ уақытылы беріліп, ас мәзірі бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылған. Ас блогы үй-жайларының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Асхана бөлмелері таза, жарық әрі желдетіліп тұрады. Өнімдерді сақтау шарттары сақталған, азық-түліктер арнайы сөрелерде және тоңазытқыштарда тиісті температуралық режимде орналастырылған.