Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу АКТ-сі
Посмотреть онлайн файл: sur-ajy_-tamatanu-sapasyna-monitoring-zhrgzu-akt-s.pdf

"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы" КММ-сі бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу барысында ас ішуді ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай екені анықталды. Оқушыларға ыстық тамақ уақытылы беріліп, ас мәзірі бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылған.
Ас блогы үй-жайларының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Асхана бөлмелері таза, жарық әрі желдетіліп тұрады. Өнімдерді сақтау шарттары сақталған, азық-түліктер арнайы сөрелерде және тоңазытқыштарда тиісті температуралық режимде орналастырылған. Тоңазытқыштардың жұмыс жағдайы қалыпты, температуралық бақылау жүргізіледі.
Ет цехы, көкөніс цехы, ұн цехы, нан цехы және пісіру цехтары жеке-жеке бөлінген, санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталған. Әр цехта қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті. Жұмыртқаларды сақтау және пайдалану тәртібі сақталған, арнайы таңбаланған ыдыстарда сақталады.
Буфет жұмысы жүйелі ұйымдастырылған, сатылатын өнімдердің жарамдылық мерзімдері бақылауда. Қажетті құжаттар толық жүргізіледі. "С-дәрумендендіру" журналы уақытылы толтырылып, күнделікті бақылауда ұсталады. Тұрмыстық бөлменің жағдайы жақсы, қызметкерлерге қажетті жағдай жасалған.