"Педагог" кәсіптік стандарты

"Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31149 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 117-бабының 2-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Педагог" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. "Техникалық және кәсіптік білімнің педагогикалық мамандықтары бойынша кәсіби стандарттары бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 373 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8819 болып тіркелген).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің м.а. | Ш. Каринова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы |
1. "Педагог" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1) тармағына сәйкес әзірленді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Стандарт:
1) педагогикалық қызметтің мазмұнын, оның даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сипаттайды;
2) педагогтерді даярлау мен біліктілігін арттырудың, басқа қызмет салаларындағы мамандарды қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады;
3) кәсіби өрлеу құзыреттілігін мамандыққа дайындалудан және оған кірісуден бастап педагогикалық шеберлікке дейін сипаттайды;
4) нақты педагогтің еңбек қызметі мен практикада кәсіби дәлелденген эталонының арақатынасының негізін қалыптастырады;
5) педагогке өз мансабын кәсіби дамытуға мүмкіндік береді;
6) педагогтің біліктілік деңгейлерінің, еңбек функциялары мен кәсіби даму дәрежесінің дифференциалды бағалау құралы болып табылады;
7) педагогке өзгерістер мен инновациялық процестерге белсенді жауап беріп, оқыту мен тәрбиелеуде лидерлік қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді;
8) педагогтердің кәсіби дамуының навигаторы болып табылады.
3. Стандарттың қолданылу саласы:
1) педагогтің кәсіби құзыреттілігін бірыңғай түсінуді қамтамасыз ету және қоғамның мүдделі тараптарын хабардар ету;
2) кәсіптік оқыту бағдарламаларының мақсаттары мен мазмұнын айқындау;
3) педагогикалық қызметті жобалау мен жүзеге асырудағы педагогтің кәсіби құзыреттілігін сипаттау;
4) педагогтің кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
5) педагогтің біліктілік талаптары мен еңбек функцияларының деңгейлерін белгілеу және бағалау;
6) өзгерістерді басқару және өзінің педагогикалық қызметінің мазмұнын бейімдеу.
4. Осы стандартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) кәсіби қызмет (еңбек функциясы) – бір немесе бірнеше еңбек міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы;
2) оқыту/тәрбиелеу және оқыту тәжірибесі – білім алушылардың/тәрбиеленушілердің оқыту процесін ұйымдастырудағы, білім беру мазмұнын игерудегі және тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы жоспарлы және жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған оқыту мен тәрбие мақсаттарын іске асырудағы педагогтің қызметі;
3) инновациялық процесс – білім беру жүйесінде инновацияларды құруға, игеруге, пайдалануға және таратуға бағытталған кешенді қызмет;
4) проактивтілік – импульсивті реакцияларға басымдық беруге және берілмеуге көмектесетін дағды;
5) қауіпсіз білім беру ортасы – білім беру ұйымының ішкі өмірінің тұтас сапалық сипаттамасы, ол жеке тұлғаны оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың барлық оң мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.
5. Осы кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
2- тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
6. Кәсіптік стандарттың атауы: "Педагог".
Кәсіптік стандартты әзірлеудің мақсаты: кәсіби педагогикалық қызметтің мазмұны мен сапасына бірыңғай талаптарды белгілеу, педагогтердің біліктілік деңгейін бағалау, аттестаттауды жүргізу, лауазымдық нұсқаулықтарды қалыптастыру, біліктілікті сертификаттау және растау, кадрлар даярлау.
Стандарт педагогті даярлаудың, біліктілігін арттырудың және үздіксіз кәсіптік оқыту мүмкіндіктерінде білім беру бағдарламаларының негізін, қызметтің басқа салаларындағы мамандарды қайта даярлаудағы басымдықтарды айқындайды, педагогті оқыту және білім беру/тәрбиелеу тәжірибесін, қоғамның сенімі мен құрметін, педагогтің кәсіби адалдығын қолдауға, кәсіби қоғамдастықта білім беру/оқыту және тәрбиелеуде педагогтің көшбасшылығын дамытуға ықпал етеді.
7. Кәсіби топ:
Мамандар – білім беру саласындағы кәсіби мамандар.
8. Кәсіби кіші топ:
колледждердің және басқа да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері (колледж оқытушысы);
орта мектеп мұғалімдері (мектеп педагогі);
бастауыш мектептегі мұғалімдер және мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі);
басқа мамандар - білім беру саласындағы мамандар.
9. Педагогтердің кәсіби қызметінің жалпы сипаттамасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттерінің шеңберін қамтиды.
10. Педагогтердің біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік критерийлері арттыру қағидаты негізінде құрылымдалып, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
Кәсіптер карточкалары осы кәсіптік стандарттың қосымшасында көрсетіледі.
11. Кәсіптер тізімі:
1) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі – СБШ бойынша 5-6 деңгейлер;
2) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мектеп педагогі – СБШ бойынша 4-7 деңгейлер;
3) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы – СБШ бойынша 6 деңгей;
4) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Өндірістік оқыту шебері – СБШ бойынша5-6 деңгейлер;
5) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қосымша білім беру педагогы – СБШ бойынша 6 деңгей;
6) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Арнайы педагог – СБШ бойынша 6 деңгей;
7) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Педагог-психолог – СБШ бойынша 6-7 деңгейлер;
8) Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік педагог – СБШ бойынша 6 деңгей.
"Педагог" кәсіптік | ||||
Құзыреттер | Критерийлер | Индикаторлар | ||
1. Кәсіби құндылықтар Өзінің кәсіби қызметін құрмет пен жауапкершілік, адалдық пен әділеттілік негізінде орындайды. | 1.1 Педагог мамандығына адалдық | 1.1.1 Барлық білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің білім беру мақсаттарына қол жеткізу қабілетіне сенімділік танытады; 1.1.2 Педагог мамандығына адалдығын көрсетеді; 1.1.3 Өз қызметіндегі қолданыста нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. | ||
1.2 Азаматтық | 1.2.1Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына адалдығын білдіреді; 1.2.2Жаһандық мәдени және түрлі тілдерге құрмет көрсетеді; 1.2.3Оқыту мен тәрбиелеу процесіне қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының өзге мәдениеттері мен тілдерінің байлығын интеграциялайды; 1.2.4Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидаттарын ұстанады. | |||
1.3 Кәсіби әдепті сақтау | 1.3.1 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке басына және олардың ата-аналарына//заңды өкілдеріне құрмет көрсетеді; 1.3.2 Кәсіби-әдеп нормаларды түсінеді және басшылыққа алады. | |||
1.4 Жауапкершілік | 1.4.1 Өзінің кәсіби деңгейін сақтауға және дамытуға жауапты; 1.4.2 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің академиялық жетістігі мен тәрбиесі үшін жауапкершілікті танытады; 1.4.3 Өз құзыреті шеңберінде білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; 1.4.4 Білім беру және тәрбие процесіне деген педагогикалық қоғамдастықтың жауапкершілігін сезінеді. | |||
1.5 Белсенділік | 1.5.1 Өзгерістерге қатысты белсенділік танытады және білім беру мен тәрбие процесін жақсарту үшін инновацияларды енгізеді; 1.5.2 Білім алушыларды/тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді басқарады; 1.5.3 Өзін-өзі реттеу, стресске төзімділік дағдыларын иемденеді. | |||
2. Кәсіби білім: Білім беру, мәдени құндылықтар және оқыту теориясы саласындағы стратегиялық құжаттарды білу негізінде сапалы оқытудың педагогикалық тәсілдерін түсінеді. | 2.1Білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін білім беруде, оқыту мен тәрбиелеуде ескеру | 2.1.1 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жас, тұлғалық, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін түсінеді; 2.1.2 Инклюзивті орта құру және білім алушыларды/тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу процесіне қатыстыру стратегияларын меңгереді; 2.1.3 Пәнді, тілді және мәдени құндылықтарды сапалы оқытуды қамтамасыз ететін көптілді ортада тиімді оқытудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын біледі және игереді. Пәнді оқыту тілін кәсіби С1 деңгейінде меңгереді; 2.1.4 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу процесін қалыптастырады. | ||
2.2 Пәнді, оны оқыту әдістемесін және білім алушыларды/ тәрбиеленуші- лерді бағалау құралдарын білу | 2.2.1 Пән/пәндік сала туралы білімді демонстрациялайды; 2.2.2 Оқу және білім беру бағдарламасының негіздерін түсіне алады; 2.2.3 Сабақты жоспарлау, жоспар әзірлеу және өткізу кезінде бағалау әдістерін меңгереді; 2.2.4 Білім алушының/тәрбиеленушінің танымдық процесінің ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістерін меңгереді; 2.2.5 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің күнделікті өмірде білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастырудың тиімді стратегияларын меңгереді; 2.2.6 Оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолданады. | |||
1.3. Оқыту практикасы/оқыту және тәрбиелеу Оқу процесін жоспарлайды, барлық білім алушылар/тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, қолайлы орта ұйымдастырады және оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді | 3.1 Оқыту процесін жоспарлау/оқыту және тәрбиелеу | 3.1.1 Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес білім беру процесін жоспарлайды; 3.1.2 Білім алушының/тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту/тәрбиелеу технологияларын және оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес бағалау стратегияларын таңдайды; 3.1.3 Оқу процесіне әріптестерін, білім алушыларды/тәрбиеленушілерді және ата-аналарын/заңды өкілдерін тартады. | ||
3.2 Қауіпсіз, қолайлы оқыту және дамыту ортасын құру | 3.2.1 Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етеді; 3.2.2 Сабақта әрбір білім алушыға/тәрбиеленушіге қолайлы оқу ортасын құрады; 3.2.3 Білім алушының/тәрбиеленушінің мотивациясы мен тұлғалық дамуына қолайлы инклюзивті жағдай жасайды; 3.2.4 Білім алушының/тәрбиеленушінің цифрлық ортада қауіпсіздігі мен әдептілігін қамтамасыз етеді. | |||
3.3 Оқыту және тәрбиелеу процесін іске асыру | 3.3.1 Сабақта оқыту мен тәрбиелеу мақсатына қол жеткізеді; 3.3.2Білім алушыларды/тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеудің жоғары нәтижелеріне ынталандырады және оларға қолдау көрсетеді; 3.3.3 Білім алушының/тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес оқыту/тәрбиелеу технологияларын пайдаланады. | |||
3.4 Білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін бағалау | 3.4.1 Әр түрлі бағалау құралдарын қолданады; 3.4.2 Оқыту тәжірибесін жақсарту үшін бағалау нәтижелерін қолданады; 3.4.3 Бағалау нәтижелері бойынша уақтылы, тиімді кері байланыс орнатады; 3.4.4 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің оқу жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізеді; 3.4.5 Бағалау жүргізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. | |||
3.5 Оқыту және тәрбиелеу процесіндегі ынтымақтастық | 3.5.1 Білім алушының/тәрбиеленушінің жеке даму траекториясын құру үшін ата-аналармен/заңды өкілдермен өзара байланыс орнатады; 3.5.2 Білім беру процесін жақсарту үшін кәсіби қауымдастықтар мен мүдделі тараптар шеңберіндегі әріптестермен ынтымақтастықта болады. | |||
4. Кәсіби даму Өзінің кәсіби өсуін басқарады және тиімді педагогикалық қызмет үшін құзыреттерді дамытады. | 4.1 Өзінің және әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасайды | 4.1.1 Өзінің және әріптестерінің тәжірибесін талдайды; 4.1.2 Әріптестермен өзара іс-әрекетте өз практикасын дамыту салаларын айқындайды; 4.1.3 Өз тәжірибесін үздіксіз жақсартуды жоспарлайды; 4.1.4 Әріптестерімен, кәсіби қоғамдастық және ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесу барысында өз тәжірибесіндегі өзгерістердің тиімділігін бағалайды. | ||
4.2 Өзін-өзі дамыту сапасын басқару және көшбасшылыққа ұмтылу | 4.2.1 Әріптестерімен бірлесіп өзінің кәсіби құзыреттеріне талдау жүргізеді; 4.2.2 Өзінің кәсіби білімін, дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тиімді жолдарын белгілейді; 4.2.3 Өзінің кәсіби жетістіктерінің нәтижелілігін қадағалайды; 4.2.4 Өз тәжірибесін таратады, әріптестерінің тәжірибесін зерттеуге қатысады және жас педагогтер мен педагогикалық қоғамдастыққа кәсіби қолдау көрсетеді. | |||
"Педагог" кәсіптік | ||||
Педагогтердің біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік критерийлері арттыру қағидаты негізінде құрылымдалған
Құзыреттілік критерийлері | Педагог-тағылымдамашы/педагог | Педагог-модератор | Педагог-сарапшы | Педагог-зерттеуші | Педагог-шебер | ||||
1.КӘСІПТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР | |||||||||
1.1 Педагог мамандығына адалдық 1.2 Азаматтық 1.3 Кәсіби этиканы сақтау 1.4 Жауапкершілік 1.5 Проактивтілік | |||||||||
2.КӘСІПТІК БІЛІМ | |||||||||
2.1 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін білім беру, оқыту және тәрбиелеуде ескеру | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке дамуы үшін педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін демонстрациялайды | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке үлгерімін қадағалау стратегияларын демонстрациялайды | Диагностика негізінде білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке білім беру бағытын таңдайды | Білім алушыларды/тәрбиеленушілерді дамытудың жеке траекториясын жобалайды | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері негізінде оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалары мен әдістемесін әзірлейді | ||||
2.2 Пәнді, оны оқыту әдістемесін және білім алушыларды/тәрбиеленушілерді бағалау құралдарын білу | Білім беру міндеттерін айқындауды біледі, сабақ жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын және бағалау құралдарын меңгереді | Оқу сабақтарын жоспарлай алады, білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әдістерді таңдайды | Меңгерудің қиындықтарын ескере отырып, білім берудің/іс-әрекетті ұйымдастырудың, бағалаудың қолайлы технологиялары мен стратегияларын таңдайды | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері негізінде оқыту/тәрбиелеу процесін жобалайды | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің табысты меңгеруі үшін пәнді оқыту әдістемесін әзірлейді | ||||
3.БІЛІМ БЕРУ/ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІ | |||||||||
3.1 Оқыту және тәрбиелеу процесін жоспарлау | Тәлімгердің басшылығымен оқу мақсатына негізделген сабақты/іс-әрекетті жоспарлайды | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып сабақты/іс-әрекетті жоспарлайды және бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын айқындайды. | Пәнаралық тәсіл, бағалау технологиялары мен стратегияларын талдау негізінде жеке қабілеттерді ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу процесін жоспарлайды. | Тәжірибені зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, білім беру/оқыту және тәрбиелеу процесінің мазмұнын жоспарлайды. | Авторлық бағдарлама негізінде білім беру/оқыту және тәрбиелеу процесінің мазмұнын жоспарлайды. | ||||
3.2 Қауіпсіз және қолайлы білім беру және дамыту ортасын құру. | Өз жұмысында қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасының нормалары мен әдеп нормаларын сақтайды. | Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады | Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады | Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді | Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормалардың озық үлгісін көрсетеді | ||||
3.3 Оқыту және тәрбиелеу процесін іске асыру | Танымдық/білім беру процесінің принциптерін ескере отырып, сабақ/іс-әрекет ұйымдастырады және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді. | Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қолайлы әдістемелері мен құралдары негізінде білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып сабақ/ іс-әрекет ұйымдастыру | Пәнаралық байланыстарды, бағалаудың технологиялары мен стратегияларын қолданады және жеке қабілеттері мен қажеттіліктерді ескереді. | Авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың/ тәрбиелеудің интеграцияланған процесін іске асырады. | Тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, білім алудың/ тәрбиелеудің интеграцияланған процесін іске асырады. | ||||
3.4 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің білім жетістіктерін бағалау | Ата-аналарды/ заңды өкілдерді оқыту/ тәрбиелеу нәтижелері бойынша хабардар етеді, әріптестерімен білім алушылардың/тәрбиеленушілердің үлгерімі мен дамуын талқылайды. | Білім алушылармен/тәрбиеленушілермен және ата-аналармен/ заңды өкілдермен білім беру/ тәрбиелеу нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды. | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қабілеттерінің өсуі мен дамуын бағалайды және қадағалайды | Білім алушылардың /тәрбиеленушілердің даму мониторингі нәтижелерін пайдалану бойынша педагогикалық қоғамдастық үшін ұсынымдар әзірлейді | Педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды/тәрбиеленушілерді дамыту бойынша тиімді ынтымақтастық тәжірибесін таратады | ||||
3.5 Оқыту және тәрбиелеу үдерісіндегі ынтымақтастық | Өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында тәлімгермен және әріптестерімен өзара іс-әрекет жасайды | Білім беруді/тәрбиелеуді жоспарлау мәселелерінде әріптестермен өзара іс-әрекетке белсенді қатысады, ата-аналармен/заңды өкілдермен сенімді қарым-қатынас орнатады | Білім беруді/тәрбиелеуді жоспарлау мәселелерінде әріптестермен кәсіби қарым-қатынас орнатуға әрекет жасайды, ата-аналармен/заңды өкілдермен сенімді қарым-қатынас орнатады. | Әріптестермен кәсіби пікірталас орнатады және ата-аналармен/заңды өкілдермен сенімді қарым-қатынасты қолдайды | Желілік кәсіби қауымдастықтар құрады және оларға ата-аналарды/заңды өкілдерді, сарапшыларды және басқа да мүдделі тұлғаларды тартады | ||||
4.КӘСІПТІК ДАМУ | |||||||||
4.1 Өзінің және әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасау | Танымдық/білім беру процесінің принциптерін ескере отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттейді | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріескерілген өзінің және әріптестердің тәжірибелері мен өзекті нәтижелерін талдайды. | Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды. | Өзекті зерттеулер негізінде жеке оқыту/тәрбиелеу әдістемесін әзірлейді. | Білім алушыларды/ тәрбиеленушілерді жеке оқытудың/тәрбиелеудің бірыңғай стратегиясын жобалайды | ||||
4.2 Өзін-өзі дамыту сапасын басқару және көшбасшылыққа ұмтылу | Білім беру/тәрбиелеу және оқыту тәжірибесін жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-әрекет жасайды | Білім беру және тәрбиелеуде өзінің тәжірибесі мен әріптестері тәжірибесінің дамуын талдайды. | Өзінің және әріптестерінің тәжірибесінде себеп-салдарлық байланыстарды бағалайды | Әріптестерімен бірге сабақты/іс-әрекетті зерттейді және білім беру ұйымдарында білім беру/тәрбиелеу тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады | Білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, кәсіби дамуында әріптестеріне қолдау көрсетеді | ||||
"Педагог" кәсіптік | |||||||||
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі" | |||||||||
Код: | 236 | ||||||||
Топ коды: | 2362 | ||||||||
Мамандық: | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі | ||||||||
Мамандықтың басқа атаулары: | Тәрбиеші | ||||||||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 5 | ||||||||
Қызметтің негізгі мақсаты | Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастыру, ұйымдастырылған балалар қызметін жобалау және жүргізу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылау | ||||||||
Кәсіби қызметі | Негізгі кәсіби қызметі | 1. Тәрбие және білім беру процесін жүзеге асыру; 2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу. | |||||||
Қосымша кәсіби қызметі | 1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2. Өзін-өзі оқыту. | ||||||||
Кәсіби қызметі 1. Тәрбие және білім беру процесін жүзеге асыру | 1-міндет: оқу-тәрбие процесін жоспарлау | Білім: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемелері; 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері; 3. Санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. | |||||||
Білік пен дағдылары: 1. Циклограмма жасау; 2. Тәрбиеленушілердің негізгі қызмет түрлерін басқару; 3. Оқыту әдістемелері мен технологияларын, тәрбие мен білім беру процесінің нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану; 4. Балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау; 5. Пәндік-кеңістіктік қауіпсіз даму ортасын құру. | |||||||||
2-міндет: тәрбие және білім беру процесін ұйымдастыру | Білім: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер; 2. Педагогикалық әдеп нормалары; 3. Жас ерекшелік физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері. | ||||||||
Білік пен дағдылары: 1. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен тұлғалық саулығын қамтамасыз ету; 2. Тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру; 3. Ойын қызметін ұйымдастыру үшін техникалық оқыту құралдарын пайдалану; 4. Ата-аналар қоғамымен ынтымақтасу; 5. Тәрбие және білім беру процесіне қатысатын мектепке дейінгі ұйымның басқа қызметкерлерімен (дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, дефектолог, психолог, медицина қызметкері) өзара іс-әрекет жасау. | |||||||||
Кәсіби қызметі 2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу | 1-міндет: тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу | Білім: 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын дамыту деңгейін диагностикалау нәтижелерін есептеу әдістері; 2. Бастапқы, аралық және қорытынды мониторинг жүргізу қағидалары. | |||||||
Білік пен дағдылары: 1. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын бақылау негізінде зерттеу, оның қиындықтарын анықтау және оған көмек көрсету; 2. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану; 3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мониторинг негізінде жеке бағдарлама жасау. | |||||||||
Кәсіби қызметі 3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру | 1-міндет: білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу | Білім: 1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қойылатын талаптар; 2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері. | |||||||
Білік пен дағдылары: 1. Балалардың жасына сәйкес дәлелденген және өзекті ақпаратты таңдау; 2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау; 3. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысу. | |||||||||
2-міндет: біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау | Білім: 1. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген). | ||||||||
Білік пен дағдылары: 1. Кәсіби даму траекториясын құру; 2. Өзін-өзі кәсіби дамытуды жүзеге асыру. | |||||||||
3-міндет: озық педагогикалық тәжірибелерді тарату | Білім: 1. Тәжірибені тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері 2. Озық тәжірибелерді жариялау және тарату әдістемесі. | ||||||||
Білік пен дағдылары: 1. Тәжірибені тарату. | |||||||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар | Әдептілік, ізгілік, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, адалдық, жанашырлық қабілеті, қарым-қатынас құра білу, ұқыптылық, ұйымшылдық, әдептілік такт. | ||||||||
СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс | 2361 | Бастауыш сынып педагогі | |||||||
2373 | Қосымша білім беру педагогтері | ||||||||
БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс | - | ||||||||
Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс | Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім | Мамандық: 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 6B01 Педагогикалық ғылымдар | Біліктілік: 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тәрбиешісі 6В012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы | ||||||
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі" | |||||||||
Код: | 236 | ||||||||
Топ коды: | 2362 | ||||||||
Мамандық: | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі | ||||||||
Мамандықтың басқа атаулары: | Тәрбиеші | ||||||||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | ||||||||
Қызметтің негізгі мақсаты | Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастыру, балалармен ойындар мен сабақтарды жобалау және өткізу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылау, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын айқындау, дамытушы бағдарламаларды әзірлеу | ||||||||
Кәсіби қызметі | Негізгі кәсіби қызметі | 1. Тәрбие және білім беру процесін жүзеге асыру; 2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу; 3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру. | |||||||
Қосымша кәсіби қызметі | 1. Авторлық білім беру бағдарламаларын, ОӘК әзірлеу; 2. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. | ||||||||
Кәсіби қызметі 1. Тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру | 1-міндет: оқу-тәрбие процесін жоспарлау | Білім: 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері; 2. Ойын әрекетін зерттеу әдістері; 3. Тәрбиеленушілердің санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; 4. Дамушы пәндік-кеңістіктік ортаны құру бойынша педагогикалық тәсілдер. | |||||||
Білік пен дағдылары: 1. Циклограмма жасау; 2. Балалар қызметінің негізгі түрлерін басқару; 3. Балалардың дамуындағы прогреске қол жеткізе отырып, оқу процесінің міндеттерін сәтті шешу; 4. Қауіпсіз пәндік-кеңістіктік даму ортасын құру және оны тиімді пайдалану. | |||||||||
2-міндет: тәрбие және білім беру процесін ұйымдастыру | Білім: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер; 2. Педагогикалық әдеп нормалары; 3. Жас ерекшелік физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері; 4. Ата-аналармен жұмыс істеудің тиімді нысандары мен әдістері. | ||||||||
Білік пен дағдылары: 1. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету; 2. Тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру; 3. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелерін, жаңа тәсілдерін, тиімді нысандары мен әдістерін қолдану; 4. Көпфункционалды даму ортасының мүмкіндіктерін пайдалану; 5. Кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану; 6. Ата-аналар қоғамымен өзара әрекеттесу; 7. Тәрбие-білім беру процесіне қатысатын мектепке дейінгі ұйымның басқа қызметкерлерімен (дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, дефектолог, психолог, медицина қызметкері) өзара іс-қимыл жасау. 8. Балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; 9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы заманауи зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу. | |||||||||
Кәсіби қызметі 2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу | 1-міндет: тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу | Білім: 1. Балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігі; 2. Бастапқы, аралық және қорытынды мониторинг жүргізу қағидалары. | |||||||
Білік пен дағдылары: 1. Педагогикалық практиканы зерттеуге арналған құралдарды әзірлеу; 2. Мониторинг нәтижелерін өңдеу және жүйелі талдау; 3. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану; 4. Мониторинг/зерттеу нәтижелері негізінде тәрбие мен оқыту нәтижелерін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу; 5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мониторинг негізінде жеке бағдарлама жасау. | |||||||||
Кәсіби қызметі 3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру | 1-міндет: білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу | Білім: 1. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар; 2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері; 3. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері. | |||||||
Білік пен дағдылары: 1. Көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларын қолдану; 2. Оқу бағдарламаларын, тәрбие мен оқыту әдістемелерін әзірлеу қабілеттері мен дағдыларын пайдалану; 3. Авторлық бағдарлама мен әдістемелік құралдардың болуы; 4. Жобалау дағдыларын меңгеру. | |||||||||
2-міндет: біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау | Білім: 1. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген). | ||||||||
Білік пен дағдылары: 1. Өзінің үздіксіз кәсіби педагогикалық дамуын жоспарлау; 2. Өзінің кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру; 3. Өз тәжірибеңізді тарату. | |||||||||
3-міндет: үздік педагогикалық тәжірибелерді жариялау | Білім: 1. Проблемалық талдаудың мәні мен технологиялары; 2. Алгоритмды, тәжірибенің жариялау түрлерін, әдістерін анықтау, зерттеу. | ||||||||
Білік пен дағдылары: 1. Ұйымдастырылған қызметті талдау дағдыларын қолдану; 2. Республикалық және халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жариялау. | |||||||||
4-міндет: тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау | Білім: 1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар; 2. Педагогикалық өзара әрекеттесудің негізгі тәсілдері. | ||||||||
Білік пен дағдылары: 1. Тәлімгерлік және кәсіби дамудың басымдықтарын анықтау; 2. Педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегияларын анықтау; 3. Кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау. | |||||||||