04
ноябрь
2022
"Оқу трендтерін сабақта қолдану тәжірибемнен"атты әдістемелік семинар өтті
3 қараша күні «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы" КММ- де "Оқу трендтерін сабақта қолдану тәжірибемнен"атты әдістемелік семинар болып өтті. Семинарда тәжірибе таратқандар: "Төңкерілген сынып" бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С.Онгарбаева, тарих пәнінің мұғалімі Р.М. Бокашова, "Геймификация" бойынша ағылшын тілінің мұғалімі Ә.М. Ашманова. Ұстаздардың еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз. Мектептің даму жоспары бойынша педагогтың кәсіби біліктілігін жетілдіруге зор үлесін қосатынына сенім артамыз.


