07
декабрь
2021
"Lesson Study" зерттеу жұмысының қорытынды отырысы өтті
8-сыныптың білім сапасын көтеру мақсатында "Саралау түрлерін тиімді қолдану және оқыту әдістерін түрлендіру арқылы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне ықпал ету" тақырыбымен "Lesson Study" зерттеу жұмысының қорытынды отырысы өтті. Оқу ісі жөніндегі орынбасар Наурызбаева Ж.М. зерттеу жұмысын қорытындылап, жеткен жетістіктермен таныстырды. Пән мұғалімдері зерттелген сынып туралы өз ойлары мен тәжірибелерін жас мамандармен бөлісті.

