18
март
2026
«Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: жасанды интеллект рөлі»
2026 жылғы наурыз айында «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» КММ базасында «Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: жасанды интеллект рөлі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын тәжірибе алмасу арқылы көрсету, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларды тіркеу жүргізіліп, QR-код арқылы қабылдау ұйымдастырылды. Қонақтар мектеп фойесінде қарсы алынып, семинар бағдарламасымен таныстырылды.
Семинар аясында мұғалімдер тарапынан ашық сабақтар мен практикалық жұмыстар өткізілді. Атап айтқанда:
🔹 6-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»: әлеуметтік мәселе және автор бейнесі тақырыбында ашық сабақ;
🔹 10-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Парасат және алгоритм: эссе шеберханасы» тақырыбында практикалық сабақ;
🔹 9-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Пәндерде ЖИ қолдану» тақырыбында командалық жұмыс өткізіліп, мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын сабақта қолданудың тиімді әдістерін тәжірибе жүзінде талқылады.
Семинар барысында тренингтер, ойындар өткізіліп, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу жүзеге асты. Іс-шара соңында «Наурыз-думан» атты сахналық мерекелік қойылым ұсынылып, ұлттық құндылықтар насихатталды.
Семинар қорытындысында қатысушылар заманауи білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың жаңа бағыттарымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.