"Алғашқы қоңырау-2018"
Білім күніндегі алғашқы қоңырау сағат 9.00 де басталып, жиын өтетін алаң әсем шарлармен өрнектеліп, тақырып аясында банерлер ілініп, гүлдермен көмкерілді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Серік Қапанұлы рапорт беріп, тәрбие ісінің меңгерушісі Болат Садырбайұлы мәнерлеп, құнды сөздермен нақыштап, 1 сынып оқушыларын сахна төріне шақырды. Кеш қонақтары Мария Саяхатқызы, Айт Мақабайұлы, Гүлжанат Тұрсынбекқызы және мектеп директоры Гүлжанат Кәмілжанқызы сөз алып мектебіміздің биылғы