"Ақылдың кені - Әжелер!" » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2025

"Ақылдың кені - Әжелер!"

Абай  облысы   Мақаншы  ауданы «Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы» КММ де  31-қаңтар күні Жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Даналық мектебі» жұмыс жоспары  бойынша  10 сынып жетекшісі  Кеңесбаева Жанат Мырзабекқызы оқушыларымен «Ақылдың кені - Әжелер!» атты  іс-шара өткізді. 
Мақсаты: Әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығын жас ұрпаққа үлгі ету,  отбасылық құндылықтарды дәріптеу. 
         Кеште   дана әжеміз Гүлбадан Нұрахметқызы «Әже мен немере» көрінісін көрсетіп,  бүгінгі ұрпақтың телефонға тәуелділігі мен аға буынның өмір салтын салыстыра отырып,  шынайы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндірсе,  Шебер әжеміз Абылайкан Кубат қыздарымызға шебер сынып көрсетті. Жәнипә әжеміз жіп иіру өнерін көрсетіп, оқушыларды қызықтыра білді. Ауылымыздың «Шұғыла» әжелер ансамблі келіп өз өнерлерінен шашу шашып кештің сәнін кіргізіп, оқушылар әжелерге өз өнерлерін көрсетіп,  ТІМ Оңғарбаева Г. С сөз алып әжелерімізге  тілек арнап, алғыс хаттармен марапаттады. Ақылдың кені- әжелеріміз аман болсын! 
@abai_bilim_basqarmasy
#мақаншыауданы