09
декабрь
2022
«Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы
«Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғайық» тақырыбында ата-аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы өтті. Жиналысқа 1-11- сынып ата-аналары қатысты. Жиналыс барысында ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 «Баланың құқықтары туралы» Заңының «Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау» туралы 39-бабымен таныстырып, балалардың теледидардан немесе телефоннан жас ерекшеліктеріне сай емес кино, мультфильм, видеолар көрмеуін қадағалау тапсырылды. Бірқатар мысалдар келтіріліп, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жаднама таратылды.








