07
апрель
2026
7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күні
2026 жылғы 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» КММ-де 9-сынып оқушыларымен республикалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ физикалық және психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған дұрыс дағдыларды дамыту болды.
Сынып сағаты барысында оқушыларға салауатты өмір салтының негізгі қағидалары, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, дене белсенділігінің пайдасы туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, түрлі сұрақтарға жауап алды.
Шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, дені сау, жауапты азамат болып қалыптасуына негіз болады.
Сынып жетекшілері: Қасымжанова Н.М., Ешимова С.К.