"Мектепке жол" акциясы өткізілді » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
август
2022

"Мектепке жол" акциясы өткізілді

Мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған Республикалық «Мектепке жол» акциясы өтіп жатқанын хабарлаймыз!
Акцияның ұраны: «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық».
Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім және  ата – ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуына дайындыққа қолдау  көрсету және "Балалар жылы" жобасын  іске асыру шеңберінде  әлеуметтік  себептермен  1 қыркүйекте мектепке келмей  қалудың  алдын-алу үшін көмек көрсету.
 Аз қамтылған  отбасынан шыққан  көптеген оқушылар бар. Оларды мектепке  дайындауға көмектесейік! Барлық бала мектепке баруы қажет!
Мектепке баруға мүмкіндігі жоқ, ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған  балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан  балаларға  қол ұшын  берейік!
Акция барысында осындай ұранмен бірнеше отбасыға мектеп тарапынан демеушілерді ұйымдастырып, көмек көрсетілді.