«Бірыңғай Экосабақ» өткізілді. » Коммунальное Государственное учреждение "Карабулакская средняя школа-сад"
Абай облысы білім басқармасы
Мақаншы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2026

«Бірыңғай Экосабақ» өткізілді.

2026 жылы 26 ақпан сағат 10-00 де «Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» КММ-де 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Бірыңғай Экосабақ» өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығындағы суды үнемдеу технологиялары. Су тасқындары және олардың алдын алу жолдары (Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары мысалында: Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары).
Сабақ барысында арнайы тікелей эфир арқылы ұйымдастырылған видеосабақты тамашалап,ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалану жолдарымен, заманауи су үнемдеу технологияларымен танысты. Сонымен қатар су тасқындарының пайда болу себептері мен олардың алдын алу шаралары талқыланды. Ертіс өзені алабындағы Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының өңірді сумен қамтамасыз етудегі және су тасқынын реттеудегі маңызы түсіндірілді.
Сабақта оқушылар суды үнемдеудің маңызын түсініп, табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті екені жөнінде қорытынды жасады.

Ұйымдастырушы жетекшілер:
Қасымжанова Н.
Ешимова С.